АРУЖАН НҰРТІЛЕУ «NIS АРУЫ» АТАНДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS Аруы -2015» байқауы өткізілді, оның жеңімпазы болып 11-сынып оқушысы Аружан Нұртілеу атанды деп хабарлайды НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина.
Жыл сайын өткізілетін бұл дәстүрлі байқауға биыл 17 ару қатысуға ниет білдірген-ді. Алайда алғашқы кезеңнен кейін ең сұлу, ең ақылды деген 7 қатысушы ғана финалға жолдама алды. Төмен және жоғары сыныптардың қауымдастықтары – Шаңырақтарының намысын қорғауға шыққан бойжеткендер алдымен ТEDxNIS бойынша қоғамдағы өзекті мәселелер турасында үш тілде үздік идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар білімдарлығымен көзге түсіп, өздерінің ораторлық қабілеттерін көрсете алды.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің сән-үлгісін көрсеткен бойжеткендер өз қолдарымен дайындаған көйлектерді көрермен назарына ұсынды. Арнайы таңдалып алынған сахналық бейне арқылы қатысушылардың өнері одан әрі тиімді, әрі есте қаларлықтай болды.
Әрине, бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен әйел қауымы тек жан сұлулығымен ғана емес, ақылдылығымен де ерекшеленеді. Байқаудың кезекті сайысы бойынша қатысушылар интеллектуалдық қабілеттері тексерілді. Әсіресе, физика мен химия бағытындағы білімдері шыңдалды. Мәселен жүк пен үстел арасындағы үйкеліс күшін анықтау керек болған арулар түсіне қарап пісірілген нанның көлемін ұлғайтатын ақ ұнтақты аңықтау керек болды. Сонымен бірге шәйдің түсі мен физикалық қасиетін өзгертетін химиялық заттарды аңықтау тапсырмасы берілді. Барлық қатысушылар үздік нәтижелер көрсете алды және ғылыми ой-өрістері кең екенін дәлелдей алды.
Үй тапсырмасына қатысушылар тіпті байыппен дайындалған. Өйткені әрқайсысы үй жағдайында йогурт, ірімшік немесе бетке арналған маска дайындау керек болды. Және де өздері ұсынған өнімдері жоғары, сапалы өнімнен еш кем түспеуі тиіс.
Өнер сайысында қатысушылар барлығын таң қалдырды. Себебі бүгінге дейін өлең не ән айтпаған қыздар, үлкен аудитория алдында керемет дауыспен әсем әннен шашу шашты. Тіпті шетелдік әндерді шарықтата орындады. Мәнерлеп оқуды жанына серік еткендер болса, көрермендердің жүрегіне жол тартып, әртістік қабілеттерін көрсете білді.
Байқаудың барлық кезеңдері бойынша үздіктерді анықтау әділ-қазылар алқасына қиын болды. Өйткені әрқайсысы өзінің сулулығы мен ақылдылығын көрсете алды. Дегенмен,11 «D» сынып оқушысы Аружан Нұртілеу топ жарып,«NIS Аруы» атағына лайықты деп танылды, вице-мисс атағы11 «E»-сынып оқушысы Мерей Мұрсалға бұйырды. Ал Шапағатайым Балғабай - «Зияткер Ару», Перизат Абдирова - «Мейірімді Ару», Жұлдызай Омарбай - «Ұшқыр ойлы Ару», Динара Жаназар - «Өнерлі Ару» және Айдана Жанаева - «Парасатты Ару» номинацияларын иеленді.