ДІН ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңақорған аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Зайырлы мемлекет пен діннің өзара әрекеттесу жолдары мен тетіктері» тақырыбында оқыту семинары өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия мүшелері мен аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелері қатысқан семинарда, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, дінаралық татулықтың тетіктері баяндалды. Оқыту семинары барысында тақырып аясында ауқымды баяндамалар жасалды. Баяндамашылар діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатерін, басшыға бағыну және өзге дін өкілдерімен қарым қатынасты, жалпы дін туралы түсінік пен Ислам дінінің Қазақстанға таралуы тарихын толыққанды тарқата сөз етті»,-делінген хабарламада.