СУДЬЯЛАР МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
«Жомарт болу – өзінде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу». Бүгінде қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осыны мақсат еткен судьялар мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топтағы көз мүгедектеріне көмек көрсетті.
Сондай-ақ, Судьялар Одағы тарапынан Қазақ соқырлар қоғамында есепте тұратын көз мүгедектері арасында өткізілетін наурыз айындағы мерекелік іс-шараларға қаржылай қолдау жасалынды. Жалпы Судьялар Одағының Қызылорда облысы филиалымен осындай қайырымдылық шаралары жиі өткізіліп тұрады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға да көмек қолдарын созу дәстүрге айналған.
Өз кезегінде қоғамның мүшесі Жетес Тәжібаев ұжым атынан риясыз көңілін білдіріп, шын жүректен алғысын жеткізді, делінген Қызылорда облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.