ПОЛИЦЕЙЛЕР EXPO-2017 ҮШІН АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРІП ЖАТЫР
EXPO-2017 көрмесіне қарай Астана полицейлері ағылшын тілін үйренеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ЕХРО - 2017 бүкіләлемдік көрмесіне дайындық шеңберінде Астана полициясының жеке құрамына қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен нысандарды күзету, сондай-ақ қылмыстар мен заңбұзушылықтардың алдын алу саласында қойылған міндеттерді тиімді орындау бойынша үлкен жауапкершілік жүктелді. Сонымен қатар, полицейлерге ағылшын тілін үйрету мәселесі қарастырылып отыр. Бұл шетел азаматтарының хабарламаларына жедел әрекет етуге, ақыр аяғында полицияның имиджін жақсартуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде, шілденің басынан бері астаналық полицейлер ағылшын тілін оқыту курстарына кірісті", - деп хабарлады департамент мамандары.
Курстар қызметкерлердің ағылшын тілі білімін молайту мақсатында жүргізіледі және ағылшын тілінде сөйлесу ережелерінен тұрады. Полицейлер лингафон құралдары бар кабинетте аптасына үш рет білім алады. Оларға полицияның тілдік ерекшеліктеріне бағытталған әдістемені қолданатын жоғары білікті педагогтар сабақ береді. Тіл үйренушілердің келесі тобы оқуға төрт айдан соң кіріседі.
"Сөйтіп, ағылшын тілі курстары мейлінше көп қызметкерлерді қамтитын болады. Курстарды аяқтаған соң полицейлер тест түрінде емтихан тапсырады, онда қызметкерлердің өзін-өзі ағылшын тілінде таныстыруы, шетелдік қонақтармен түсінісуі сыналады. Емтиханды сәтті тапсырғандар сертификаттарға ие болады", - дейді мамандар.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың сәуірінде Қазақстан Президенті шұғыл қызметтер, медициналық қамтамасыз ету мен қызмет көрсету саласы өкілдерінің алдына 2017 жылға дейін ағылшын тілін меңгеру міндетін қойған еді.