ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТҚА 1096 ЭЛЕКТРОНДЫ ТАЛАП АРЫЗ ТҮСКЕН
Қызылордада медиаторлардың көмегіне жүгінетіндер қатары көбейді. Бұл жөнінде облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апеллияциялық алқасының төрағасы Қ.Адранов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Сот медиациясы аясында бітімгершілікпен аяқталған істер саны артып отыр. Қызылордалықтар талап арызды электронды түрде беруге икемделіп келеді. Сондай-ақ сот кабинеті жобасы іске асуда», - деді Қ.Адранов.
Биыл алты айда аудандық және оған теңестірілген соттардың өндірісіне 10962 талап арыз түскен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға жоғары. Экономикалық сотқа электронды түрде барлығы 1096 талап арыз түскен. Жергілікті соттарда 84 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған. 970 адам бойынша 864 қылмыстық іс қаралған.