ҚҰТҚАРУШЫЛАР ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫНАН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ
ҚР ТЖМ «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел – құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары жасақтың жұмыс жоспарына сәйкес дене шынықтыру дайындығынан сынақ тапсырды. Сонымен қатар табиғи ортада құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша практикалық жаттығулар жүргізді.
Жаттығулар орындау барысында жеке құрам GPS навигаторлық құралымен бағыт алып іздестіру жұмыстарын жүргізу, алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсету бойынша практикалық жаттығу, белгіленген зардап шегушілерді тасымалдау әдісі, жүзу құралдарын пайдаланып, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу сияқты этаптардан өтті.
Жаттығу кезінде жеке құрам құтқару құралдарын жоғары дәрежеде пайдаланып, жедел және ұйымшыл әрекет етіп, жасаққа қойылған тапсырмаларды орындауға дайын екенін көрсете білді.
«ОӨАЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі