ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында құқық қорғау органдарының мамандарымен кездесу өткізілді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуге Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ә.Б.Шаймағанбетов, әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Е.Б.Жаукеев, университеттің профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.
Кездесу барысында қонақтар жастар арасында кездесетін келеңсіз жағдайлар мен әкімшілік құқық бұзушылық кодекске, қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде студенттерге кеңестер беріп, пікір алмасты.