ПСИХОЛОГ КЕҢЕСІ СЕРПІН БЕРДІ
Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары С.Дәрібаева, Ә.Өмірзақова, Г.Оңалбаева ЗК-169-1 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтар арасында өткен «Бостандықтағы менің өмірім» атты семинарға қатысты. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Семинар барысында академиялық доцент С.Дәрібаева «Менің бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірім» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада өмірге қайта дағдылану кезіндегі мәселелер қарастырылды. Кафедра оқытушылары Ә.Өмірзақова және Г.Оңалбаева адамның өзін-өзі басқаруына байланысты психологиялық тренингтер жүргізді. Кездесу кезінде жазасын өтеуші азаматтар тренингке белсене қатысып, оқытушылармен пікір алмасты.