ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мүмкіндігі шектеулі әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Мүмкіндігі шектеулі 7 бастауыш әйел кәсіпкерлер мейрам қарсаңында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында жаңа тігін машинасына ие болды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушылары жеке кәсіпкер Берік Жандаулетов және «Ran Medical» ЖШС директоры Асхат Шеріпов демеушілік көмекті көрсетті.
Аманкүл Ақбамбетова (2 топ мүгедегі), Рахима Айтпембетова (2 топ мүгедегі), Айсулу Жүнісова (2 топ мүгедегі), Райкүл Кошекова (1 топ мүгедегі), Гүлнар Ахатова (2 топ мүгедегі), Райкүл Исмұхамбетова (2 топ мүгедегі), Сафура Антазиева (3 топ мүгедегі) біршама уақыт бұрын «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалына «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша көмек сұрап өтініш жазды. Осындай керемет әйелдердің ортақ бір мәселесі – ауыр сырқат пен жарақат салдарынан мүмкіндіктерінің шектеулі болып қалғандығы. Күн сайын олар ауыр науқаспен күресіп, сауығып кетуге үміттенеді. Және осындай көктемнің ерекше мейрамында бастауыш кәсіпкерлер сыйлыққа соңғы үлгідегі тігін машиналарына ие болып, өз бизнесін бастауға мүмкіндік алды.
Рахима Айтпембетова іс-шараға жиналған әйелдер атынан бастамаларына қолдау білдіріп сыйлық жасаған Даму Қоры мен кәсіпкерлерге көрсеткен көмегі үшін өз алғыстарын білдірді.
Еске сала өтсек, «Даму-Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге және соларға қажетті ресурстар жөнінде (қаржылай көмек, мүлік, кеңестік қолдау, басқа да қызметтер) ақпараттандыруға бағытталған.
«Даму-Көмек» бағдарламасы мүгедек кәсіпкерлердің бизнес бастауына серпіліс беретін, материалдық тұрақтылық пен кәсіби өсім болуына жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ табысты жұмыс жасап жүрген мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қашықтықтан оқыту арқылы арқылы білім мен тәжірибесінің артуына мүмкіндік жасайды.