ЗЕЙНЕТКЕР ЖАС БОСАНҒАН АНАЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Зейнет жасындағы Кенжебек Тоғызбаев зайыбы екеуі зейнетақыларын жинап, Жалағаш ауданынының Мақпалкөл ауылындағы бір топ жас босанған аналарға ақшалай жәрдем берді. Қайырымдылық шарасы ауылдық клубта өтті.
Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі Бауыржан Тұңғышбаев өзі зейнеткер болса да осындай сауап боларлық істі қолға алып, азаматтық танытқан ауылдасы Кенжебек Тоғызбаевқа алғасын жеткізді.
Зейнеткер Кенжебек Тоғызбаев бір- екі балалылардың әр қайсысына 30 мыңнан үш-төрт балалыларға 40 мың, ал бес балалыларға 50 мың теңгеден барлығы 300 мың теңгеден артық қаржылай көмек берді.
Айта кету керек, шара мұнымен тоқтап қалмайды. Сауап іс жыл бойы жалғасатын болады. Мәселен, ол енді алдағы балалар, білім, тәуелсіздік күндері ауылға тағы келіп, жаңадан босанған аналарды осындай сыйлықтарымен қуантпақ.