БЕЙБІТБЕК БҮРКІТБАЕВ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
«Қазақстан-Заман» және «Заң» басылымдарының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қырық бес жыл бойы журналистика саласында талмай еңбектеніп келе жатқан ол еңбек жолын Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» басылымынан бастаған. Бүгінде заң тақырыбында қалам тербеп, екі бірдей басылымның меншікті тілшісі қызметін атқаруда.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі осыған дейін тек басқа салалардың үздіктеріне табысталып келді. Өткен жылдан бастап БАҚ өкілдеріне беріле бастады. Алғашқы марапат иелерінің қатарынан табылған әріптесімізге тілектестігімізді білдіреміз.
Шынар БЕКБАН