ҚАРУ ӨТКІЗІП, ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙАҚЫ АЛЫҢЫЗ
Қызылордада заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы жалғасуда. Ал бүгінге дейін 249 қару өткізіліпті.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы құны 8 млн. 750 мың теңге болатын заңсыз қаруларды тапсыру туралы 194 арыз тіркелген. Қарудың, жарылғыш заттың, оқ-дәрінің түріне және техникалық жай-күйіне байланысты азаматтарға АЕК-нің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады. Қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік деген болмайды.
Акцияны өткізу үшін облысқа 19 млн. теңге қаржы бөлінсе, бүгінгі күнге қару өткізген адамдарға 5 млн. теңге берілген.