ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда қаласы әкімдігі ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Д.Тұрғанбаев жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда болған қала тұрғындары тарапынан мемлекеттік қызметті өткеру, жер қатынастары және басқа да салаларды қамтыған сұрақтар қойылды. Департамент басшысының орынбасары Д.Тұрғанбаев қойылған сұрақтарға тиісті жауаптарын берді.
Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау жүргізу сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған пәрменді шаралардың бірі болып табылады. Қызылорда қаласының тұрғындарымен осы сипаттағы шаралардың өткізілу маңыздылығы зор.