ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕГЕН ТҰРҒЫНДАР СОТҚА ТАРТЫЛАДЫ
Қызылордада ТКШ жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында баспанаға күрделі жөндеу жүргізіп, кейін оның қарызын төлемеген азаматтарды бағдарлама әкімгерлері сотқа берді, деп хабарлайды BNews.kz облыстық әкімшілікке сілтеме жасап.
Бағдарлама аясында 2011 жылы баспанаға күрделі жөндеу жүргізілгенімен тұрғындар қарыздарын өтеуге асығар емес. Ал бұл өз кезегінде жұмыс жоспарына кері әсер етуде. Өйткені келесі тұрғын үйлерге қайтарылған қарыз есебінен жөндеу жүргізілуі тиіс болған.
Мәселен, бағдарламаның бір бағыты бойынша Қызылордада 12 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізу үшін 2011 жылы 275 млн теңге бөлінген. Қаржы толығымен игерілді. Қазір бұл қаржының кем дегенде 60 млн теңгесі жиналуы керек болғанымен бүгінде бұл көрсеткіш 30 пайыздан шамалы ғана артып отыр.
Сондықтан бағдарлама әкімгерлері 167 пәтер иеленушіні сотқа берген, бүгінде 60 адамға қатысты үкім шықты. Енді сот орындаушылары борышкерлерден қарызды өндіріп алуы қажет.