ҮНДІ ЖУРНАЛИСІ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІЛІГІНЕН КЕШІРІМ СҰРАДЫ
Үндістанның DNA агенттігінің журналисі Шахкар Абеди Қазақстанда секс-туризмнің танымал боп тұрғаны туралы жарияланымы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Үндістандағы елшілігіне сілтеме жасап. Басылым үндістандық ер адамдардың курортты елдерден гөрі Қазақстанды артық көретіні туралы мақала жариялаған болатын.
Өзінің ресми мәлімдемесінде мақала авторы болған жағдай үшін өкінетінін және енді қайталамайтынын айтты. "Мен жазған мақала туризм индустриясы жетекшілері мен инсайдерлерінің бақылауларына негізделген еді, өйткені олар - туристік саладағы ахуалды жақсы бағалай білетін ақпарат көздері. Мақаламда мен атаған адамдардың көбі ондай трендтің шын мәнінде барын айтты, мен сол пікірлерді бір мақалаға біріктірген едім", - деп жазды Абеди.
Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің басшысы Дулат Қуанышев бұған дейін үнді журналисінің мақаласында пікірі қолданылған төрт адамның екеуінің өз сөздерінен бас тартқанын хабарлаған болатын. Мақалада туризм саласының сарапшылары Үндістандағы ер адамдардың Қазақстанға Таиланд, Сингапур, Индонезия елдеріне қарағанда көп баратынын айтады.
"Қазіргі кезде, елшілік менің мақаламда аталатын адамдарға ресми түрде үндеу жасағаннан кейін олардың бәрі бұрын айтқан ақпараттарынан бас тартып, автор сөзімізді бұрмалады деп жатыр. Әрине, мен сіздің бұл жағдайға алаңдарыңызды түсінемін. Мен де Үндістан мен Қазақстанның тату елдер, стратегиялық әріптестер екеніне сенемін. Сөз соңында келешекте түсініктемелер жөнінен әрқашан сіздің елшілікке хабарласатын болатыныма сендіргім келеді", - дейді Шахкар Абеди.
Дулат Қуанышев егер Қазақстандағы секс-туризм туралы ақпарат теріске шығарылатын болса, мақала авторына қатаң жаза қолдануды талап етпейтінін айтқан болатын.