ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН 88 АЗАМАТҚА ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурыз - 6 наурыз күндері аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатырған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде Қызылорда ОІІД-нің учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылыққа жол берген 88 азаматқа қорғау нұсқамасын шығарып, 8 құқық бұзушының мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді, сондай-ақ мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында 7 есірткі құралдарын қолданатындар мен 18 спирт ішімдігін шамадан тыс пайдаланатындар тізімдік есепке алынды.
Атап айтатын болсақ, 02 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының тұрғыны Б.А. полиция қызметкерлеріне арызданып, інісі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалып жатқандығын көрсеткен болатын. Арыз бойынша полиция қызметкерлері арнайы қарау жүргізіп, жәбірленушінің шағымы расталып, інісіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
3 наурызда Қызылорда қаласының тұрғыны азаматша Ш.О. ұлының алкогольдік ішімдік ішіп алып, мазаны алып, күн бермейтіндігі жөнінде арызданған болатын. Арыз негізінде тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудан қорғау мақсатында азаматшаның баласына қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
Сол сияқты дәл осы күні Қызылорда қаласының 1943 жылы туылған тұрғыны 40 жастағы баласының мас күйінде келіп, үйінде жанжал шығарғаны жайлы арызданған.
Жоғарыда аталған деректер бойынша учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабымен әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік іс сотта қаралып, сот шешімімен 10 күн мерзімге әкімшілік қамаққа алынып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 54-бабының талабына сәйкес олардың мінез-құлқына ерекше талап белгіленді.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған 963 адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі