ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ИММУНИТЕТ ЖЕТКІЛІКСІЗ
Бұл туралы кеше Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінде өткен Еуропа өңірінде қызылшаға қарсы екпе жасау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында Испанияның Сантьяго университеттік клиникалық ауруханасының педиатрия және инфекциялық аурулар бөлімінің жетекшісі, доктор Федерико Мартинон Торрес мәлімдеді, деп жазады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайты.
Генетика, вакциналар, инфекциялар және педиатрия жөніндегі зерттеу тобын үйлестіретін маманның айтуынша, екпе жасау - инфекциялық аурулар, оның ішінде қызылшаның алдын алуда жалғыз амал. Вакциналау жасанды иммунинетті қалыптастыруға әсер етеді. Адамда қандай да бір ауруға қарсы иммунитет болмаса, ол қатерлі асқынуларға және өлім-жітімге әкеп соғады.
Қазақстан тұрғындары арасында иммунитеттің жеткіліксіздігі 2014 жылы қызылшаның өршуіне әкеп соқтырды. Осыған байланысты қосымша иммундау шарасын өткізу туралы шешім қабылданды.
Доктор Федерико Мартинон Торрес БАҚ өкілдерін аталған тақырып бойынша екпе мен жағымсыз жағдайлардың байланысы туралы айтқанда қателік жібермеуге шақырды.
Халықаралық сарапшы көптеген пікірлерге қарамастан, қызылшаға қарсы екпе жасаудан зиян болған күннің өзінде ол жұқпалы дертпен ауырғаннан миллиондаған есе аз екенін атап көрсетті.
Профессордың айтуынша, қызылшаға қарсы екпенің миллиардтаған дозасын пайдалану нәтижесінде әлемнің бірде-бір елінде кісі өлімі тіркелген емес. «Мұның барлығы халықаралық медициналық әдебиетте құжатталған, мұны естен шығармау керек»,-деді Фредерико Мартино-Торрес.
«Екпе әлемнің барлық елінде табысты қолданылуда. Соның арқасында 6 млн.-ға тар адамның өмірі сақталып, дертке шалдыққандар саны 1 млн.-ға дейін қысқарды. Бұл - үлкен нәтиже. Ауру жұққан жағдайда 1 мың баланың ішінде біреуі қайтыс болатыны анықталды»,-деді сарапшы.
Қазақстанда қызылшаға қарсы жаппай екпе жасау барысында тіркелген жағдайларға байланысты «мұнда әлемнің басқа елдерімен салыстырғанда ешқандай жаңалық және төтенше жағдай жоқ»,-деді. Және Грузия болған жағдайды мысалға келтірді. Бұл елде қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасы жүргізілген кезде 493 мың адамға екпе жасалып, жағымсыз жағдайлар 432 адамда тіркелген. Бұл жалпы екпе жасалғандардың 0,1%. Көптеген науқастарда үрейге бой алдырған кезде орын алатын белгілер байқалған. 37% жағдайда екпемен уақыты қатар келген басқа аурулар болған. Бірақ, БАҚ-та иммундау шарасы туралы дұрыс ақпараттың таратылмауы нәтижесінде Грузияда екпемен қамту көлемі азайып, аурудың көбею тәуекелі артты.
Бүгінгі таңда Қазақстанда екпе жасалған 523 мың адамның ішінде 294 жағдайда жағымсыз көріністер тіркелді. Бұл жалпы егілгендердің жалпы санының 0,05%.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, екпеден кейін байқалған жағымсыз көріністердің әрқайсысы жеке қарастырылуда. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қазақстанда қосымша иммундау шарасы осыдан 10 жыл бұрын өткізіліп, нәтижесінде елімізде қызылшамен сырқаттанушылық 16 мыңнан 13 жағдайға дейін күрт төмендеді.