СУДЬЯЛАР ӘДІЛ БОЛУҒА АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Қызылорда облыстық сотында облыстық соттың жалпы отырыс болып өтті. Онда ҚР Президентінің 2015 жылдың 18 ақпанындағы №1004 Жарлығымен судья лауазымына тағайындалған Арал аудандық сотына судья Н.Бекетаев, Қазалы аудандық сотына судья М.Оспанов, Қызылорда қаласының №2 сотына судьялар Д.Алиев және Т.Тілеп, Шиелі аудандық сотына судья А.Жолдыбаев, Қызылорда қаласының мамандандырлған әкімшілік сотына судья О.Абдукаликовтер ант қабылдады.
Отырысты облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков ашық деп жариялады. Жаңадан тағайындалған судьялардың өмірбаяндарынан қысқаша ақпарат беріліп, судьялар салтанатты түрде ант қабылдады. Олар өз антында:
– Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн,- деді.
Төрағалық етуші мұнан соң жас судьяларды құттықтап, оларға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. ҚР Ата заңын және өзге де заңдарын бұлжытпай орындауды, қара қылды қақ жаратын әділ судья болуды тіледі.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі