ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысы көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
Шара барысында Ішкі істер органдарына барлығы 389 кәмелетке толмағандар жеткізілсе, оның 375-і әкімшілік құқық бұзғаны үшін, қалған 14-і заңды өкілінің қарауынсыз және панасыз жүргені үшін ұсталған. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 24, түнгі тыныштық бұзғаны үшін 5, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 8, жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуінің 3 дерегі анықталған. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түн мезгілінде тұрғын үйден тыс жерлерде болуының 335 дерегі анықталып, арлығына тиісті құжаттары рәсімделіп, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік шаралар көрілді.
Ал, Ішкі істер органына тізімдік есепке барлығы 30 кәмелетке толмаған алынса, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналар есебіне 26 алынды.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі