АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жуырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы заңгерлер қауымдастығының Қызылорда облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі және «Арбитражды сот туралы» заң жобаларын талқыланды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Сәрсенов «Істі қарау барысындағы әзірлік сатысы» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында, бүгінгі күнгі сот жүйесіндегі, оның ішінде өңіріміздегі сот жүйесінің жетістіктерімен бөлісті. Ол ең алдымен сот істерін қарау сапасының едәуір артуы, қазақстандықтардың сотқа деген сенімінің ұлғаюы және сот жұмысының жария түрде жүргізілуінің нәтижесі болып табылады.
Азаматтардың сотқа деген сенімі, соттағы істердің қаралу сапасымен артады. Осыған орай, әзірлік жұмыстарын жүргізу істі қарау барысындағы маңызды сатыларының бірі болып табылады. Себебі, бұл сатыда іс бойынша дәлелдемелердің толықтығы анықталып, талап арыздың негізділігі және азаматтық істі қарау барысындағы процессуалдық әрекеттердің одан кейінгі тағдыры шешіледі.
Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексінде әзірлік жасау мерзімінің уақыты 15 күнге дейін ұзартылған, бұл өз кезегінде іс материалдарымен жіті танысуға мүмкіндік береді.
Жиын соңында дөңгелек үстелге қатысушылар кодекс және заң жобаларын жан-жақты талқылап, заңнаманы қолданудағы тиімді тұстарына көңіл бөлді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі