ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «ТҰРМЫС» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында орын алатын және мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурыз - 6 наурыз күндері аралығында облыс көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дер кезінде анықтау және олармен профилактикалық жұмыстарды жандандыру болып табылады.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері сотты болған тұлғаларды, ішкі істер органдарында есептік тізімде тұрған тәртібі қиындық келтіретін және спирттік ішімдіктерін теріс пайдаланатын азаматтарды, жағдайы нашар отбасыларды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған іс-шараға облыс көлеміндегі қала, аудандық ішкі істер бөлімдеріндегі учаскелік, ювеналды, жол-патрульдік, криминалды, көші-қон полициясы және өзге де қызмет салаларынан қызметкерлер жұмылдырылды.
2014 жылдың 12 айында осы салада жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында учаскелік полиция инспекторларымен отбасы тұрмыстық қатынастары саласында құқыққа қарсы әрекеттері үшін 1845 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, 91 құқық бұзушының мінез-құлқына сотпен ерекше талаптар белгіленді. Сондай-ақ, мас күйінде жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында 54 есірткі заттарын қолданатындар мен 73 алкоголь ішімдігін шамадан тыс пайдаланатындар тізімдік есепке алынып, 205 спирттік ішімдігін пайдаланатын азаматтар еріксіз емдеу орталығына соттың шешімімен жатқызылды.