«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ФЕСТИВАЛІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні қарсаңында этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздарының қатысуымен Астана қаласында «Менің Қазақстаным» атты республикалық музыкалық фестиваль өткізіліп, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының қорытындысы шығарылды.
«Менің Қазақстаным» атты республикалық музыкалық фестиваль екі аталым бойынша өтті: Қазақ халқының ұлттық аспаптарында күй тарту және қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін орындау.
Бірінші аталым бойынша Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің студенті Кристина Тигай қатысып, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындады. Ән аталымы бойынша қатысқан «Болашақ» университетінің 2-курс студенті Константин Луца Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас» әнін тебірене орындап, жұртшылықтың көңілінен шықты. Әуенді жүрегімен айтып, көпшілікке жеткізе білген К.Луца фестивальдің Бас жүлдесін иеленіп, 250 мың теңге сыйлыққа ие болды.
Сондай-ақ, республика көлемінде екі жылдан бері жүргізіліп келе жатқан «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының қорытындысы шығарылды. Барлық облыстар Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының Дипломымен марапатталды.
Облыстан 15 адамнан тұратын арнайы делегация жасақталып барды. Бұл шараларға Қызылорда облысының ғана делегациясы барғанын атап өту керек.