ҚИЯҒА ҰШҚАН ҚЫРАН ЕҢ...
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Журналист» үйірмесінің ұйымдастыруымен талантты журналист, университет түлегі Сахитжан Бермағанбетовті еске алу кеші өтті. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш шара С.Бермағанбетовтің ізінен ерген інісі «Хабар» телеарнасының меншікті тілшісі Н.Жақыпбекұлы дайындаған деректі фильммен басталды. Кеште университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры-бірінші проректор А.Т.Жүнісов, ф.ғ.д, профессор Б.Кәрібозұлы, С.Бермағанбетов журналистік қызметін атқарған «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы директорының орынбасары Ғ.Қ.Бәйімбет, «Сырдария» газетінің журналисі М.Шілдебаев, курстасы «Қазақстан» телеарнасының меншікті тілшісі А.Биятова, тәлімгері А.Әбдіразақова, мектептегі ұстаздары және ата-анасы, бауырлары сөз алып, естеліктерімен бөлісті.
Сонымен бірге, еске алу кеші аясында өткізілген «Құмда қалған сағыныш» тақырыбында ақындар мүшәйрасы мен «Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты эссе сайысының жеңімпаздары марапатталды.
Жас ақындар мүшәйрасы бойынша Т.Совет І орынды, журналистика мамандығының 4-курс студенті Е.Әбілда мен 1-курс студенті Е.Шамшадин ІІ орынды, журналистика мамандығының 3-курс студенті М.Дауылбай, «Болашақ» университетінің 1-курс студенті Б.Ержігіт, 3-курс студенті Д.Уәлиев ІІІ орынды иеленіп, дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жарқ еткен жасын ғұмыр» атты эссе сайысы бойынша І дәрежелі дипломмен Е.Шәрібек, ІІ дәрежелі дипломмен А.Махамбетова, Т.Орынбасар, ІІІ дәрежелі дипломмен Г.Есімова, Ж.Қойшыбекова, Қ.Жақсылық марпатталды. Жеңімпаздарға демеушілер ұсынған ақшалай және бағалы сыйлықтар табысталды.

Комментарии 1