«АПАТТАРҒА БІРГЕ ҚАРСЫ ТҰРАМЫЗ»
Қазіргі таңда барлық мемлекетте 1 наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл мереке Дүниежүзілік Азаматтық қорғау ұйымы құрылғалы бері 30 жылдам астам уақыт болса, одан бұрын да атап өтіліп келген. Қазақстан Республикасы 1996 жылы Дүниежүзілік Азаматтық қорғау ұйымына толыққанды мүше болып кірді және оның барлық негізгі қызметі мен бағытының жүзеге асуына белсенді түрде қатысып келеді. 1997 жылдың 31 қазанында РК «Қазақстан Республикасының Жарғысына Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымын қосу туралы» Заңы қабылданды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күні қарсаңында Қызылоррда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің әскери – жұмылдыру бөлімшесінің қызметкерлері қаладағы Т.Жүргенов атындағы №136 орта мектеп оқушылары арасында интерактивтік сабақ өткізді. Кездесу барысында өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Б.Нұржанов тұрғындарды апаттар мен авариялық катастрофалар және әскери қақтығыстардан, апаттардың алдын алуда халықаралық қарым-қатынастың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Тыңдаушылар түрлі апаттар туралы видеотүсірілімдер мен фотоматериалдар көріп, танысты, делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқушылар сабақ соңында ұстаздарымен бірге «Апаттарға бірге қарсы тұрамыз» атты тренингке қатысты.