ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН «EGOV.KZ» ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қызмет көрсететін мемлекеттік орган - ҚР Ішкі істер министрлігі
Қызметті алушылар -Қазақстан Республикасының азаматтарыҚызмет көрсету орны- www.egov.kz порталы
Қызмет құны және төлеу тәртібі - 1,25 АЕК
Қызмет көрсету мерзімі - Порталда 2 сағаттан артық емес
Бөлімшелерде 6 сағаттан артық емес
Қызметтің толық атауы
Ауыл шаруашылығы министрлігі беретіндерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру
Қызметті онлайн алу
1.Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.
2.Өтінімді толтыру және ЭЦП қол қою(электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге фотосуретті қоса тіркеу (фотосуретке талаптар) және қолдың үлгісі (қолдың скан суреттеріне талаптар)
3.Қызметті көрсету үшін мемлекеттік баж алымды төлеу.
4.Қалыптасқан электрондық өтінішпен жеке кабинетте танысу («Қызметтерді алу тарихы» тарауында танысу), көрсетілген ТЕБ немесе маманХҚКО көрсету қажет. «Қызметтердітөлеу тарихы» - жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы электрондық чекпен танысу, оны басып шығару қажет.
5.ҚР ІІМ қызметкерлерінің тұлғасын сәйкестендіру үшін маманХҚКО/ТЕБ бару. Өзімен бірге төмендегілер болуы қажет:
o басып шығарылған электрондық өтініш;
o айырбастау үшін қазіргі жүргізуші куәлігі;
o жеке басты куәландыратын құжат;
o псих және нарко диспансерден анықтамалар;
o 083-нысанды медициналық анықтама;
o жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы басып шығарылған чек.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар)
1.Жүргізуші куәлігін беруге арналған бланкіде толтырылған өтініш.
2.Жеке куәлігінде тұратын жерінің мекенжайы көрсетілмеген кезде тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (Азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы).
3.Курстарды аяқтауы туралы куәлік және оның көшірмесі.
4.Медициналық анықтама.
5.Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау бойынша ұйымдар беретін жүргізуші карточкасы.
6.Мемлекеттік баждың төленуін растайтын құжат.