ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің мәжіліс залында Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ұйымдастырумен семинар өтті, - деп хабарлайды қауымдастық.
Шара облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен мүшелері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоры тағайындайтын республикалық әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысу бойынша жобалар әзірлеу, өтінімдер толтыру жолдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған.
Семинарда үкіметтік емес ұйымдар бір-бірімен тәжірибе алмасып, алдағы уақытта өтетін республикалық байқауға өздерінің өтінімдерін жолдайтындықтарын жеткізді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.