ОБЛЫСТЫҚ СОТТА ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАЛАР БОЙЫНША СУДЬЯЛАР АРАСЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының қатысуымен семинар сабақ өтті.
Семинар сабақты облыстық соттың оқу бағдарламаларының үйлестірушісі судья Г.Дүйсенбаев ашық деп жариялап, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Алғашқы болып Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы «Қылмыстық ісі бойынша сотталғанға көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы» баяндамасын оқыды.
«Қылмыстық істер жүргізу барысында медиация заңының қолданылуы» тақырыбында Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы А.Сұлтанбеков баяндады.
Сырдария аудандық сотының судьясы Ж.Жолдасов өз кезегінде «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау» тақырыбында дайындаған баяндамасын оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинар соңында әрбір оқылған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі