ҚЫЗЫЛОРДАДА ДӘРІГЕРЛЕР ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық медицина орталығының қызметкелерімен кездесу өткізілді. Шара «Дәстүрлі емес діни ұйымдарының пайда болуы және оған тән ерекшеліктер» тақырыбында өрбіді.
Кездесу барысында Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Н. Ахметов ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына түсініктеме берді. Сондай-ақ, қатысушыларға ҚР Дін істер агенттігінің «114» қауырт желісі тәулік бойы қызмет жасайтынын және кез-келген діни сұрақтарға жауап алуға болатынын хабарлады.Шара барысында қазақ халқының тарихына, салт-дәстүріне, әдет ғұрыпына, мәдениетіне рухани құндылықтарына кеңінен тоқталып өтті. Қатысушылар тарапынан тақырыпқа сәйкес сұрақтар қойылып, жауап берілді және ҚР Дін істері агенттігінің дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған, орталық қызметкерілерімен дайындалған ақпараттық-жадымалар таратылды.