1-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен Департаментке қарасты мекемелер арасында 2015 жылдың 26 ақпан күні 1-наурыз Халықаралық Азаматтық қорғау күніне орай волейболдан турнир өтті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Турнирге 7 құрама команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Құтқарушы» АҚ ұтып алды. екінші орынды Төтенше жағдайлар департаменті, үшінші орынды «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің құрама командалары иеленді. Жүлделі орын алғандарға өтпелі кубок, бағалы сыйлықтар мен марапаттау грамоталары табыс етілді.

Аталған іс-шара 27 ақпанда «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару - жасағы» ММ-нің ауласында Ашық есік күнімен жалғасты. Шараға Қызылорда қаласының «Абылайхан», «Жас өркен» колледждерінен 90 студент, №211, №136 орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылар қатысты.
Атаулы күнде төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеті бойынша практикалық іс-шаралар және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, халықты апаттардан қорғау мен алғашқы медициналық көмек көрсету бағытына арналған күш-құралдар, медициналық көмек көрсету құрылғылары тағы да басқа аспаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар 1-наурыз Халықаралық Азаматтық Қорғау күніне арналған «Тұрақты даму тұрғысында Азаматтық қорғау және зілзалалардың қауіп-қатерлерін болдырмау үшін азаматтық қоғам дайындау» тақырыбында «Дарын» оқу-орталығының мәжіліс залында 45 минуттық сабақпен бірге дайындалған слайд материалдары көрсетілді.
Өткізілген интерактивтік сабақты тамашалаған оқушылар жақсы әсерде болып, өз пікірлерін ортаға салды.
Өткізілген интерактивтік сабақты тамашалаған оқушылар жақсы әсерде болып, өз пікірлерін ортаға салды.