«ЖАСТАРДЫҢ ТАНДАУЫ – ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ!»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 2015 жылдың 25 ақпаны күні Қызылорда қаласында орналасқан №3 мектеп-лицей ғимаратында аймағымыздың жоғарғы сынып оқушыларының арасында «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету тиімді – КЕЛІСЕМІН/ЖОҚ» тақырыбын талқылаған пікірсайыс турнирі өткізілді.
Аталған шараны өткізудің негізгі мақсаты болып өңіріміздің жастары арасында азаматтық көзқарас пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру табылады.
Шара барысында Департамент қызметкерлерімен тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» бағыттары түсіндірілді.
Ойын барысында пікірсайысшылар электронды қызмет көрсету барысының артықшылықтарын, қағаз түріндегі құжаттар көлемінің азайтылуын, құжаттарды қарау мерзімінің қысқаруын атап көрсетсе, қарсылық білдірушілер кемшін тұстарына тоқталды.
Турнир қорытындысы бойынша пікірсайыс жеңімпаздары болып Азат Қарекеев пен Жансая Пірімбет танылды.
Шара жеңімпаздары мен қатысушыларына марапаттау хаттары мен естелік сыйлықтары тапсырылды.