АЛҒАШ РЕТ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ЖАС СУДЬЯЛАРҒА ТӘЖІРИБЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ КЕРЕК
Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық соттың аймақтық оқу орталығында жиын өтті.
«Алғаш рет тағайындалған судьялардың біліктілігін арттыруға және сот әділдігінің сапасын көтеру мақсатында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған» іс-шаралар жоспарына сәйкес өткен жиынға Қызылорда облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Адрановтың, судьялар С.Жуынтаеваның, Ж.Оспанованың, Қызылорда қалалық сотының судьялары қатысты.
Жиынның негізгі мақсаты жас судьяларға тәжірибелік көмек көрсетіп, іс қараудағы ерекшеліктер бойынша кеңестер беріп, пікір алмасу болды. Жиында Қызылорда қалалық сотының судьяларының түрлі тақырыптар бойынша дайындаған рефераттары тыңдалды.
Жас судьялар «Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау», «Алименттік міндеттемелер», «Сот шешімі мен сырттай шешім шығарудың тәртібі», «Іс жүргізу мерзімдері мен сотта іс қарау тәртібі», «Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу» және «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы» тақырыптары бойынша өз жұмыстарын қорғады.
Жиын соңында жас судьяларға ақыл-кеңестер айтылып, тәжірибе алмасып өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі