ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАРЫСЫНДА
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының ұйымдастыруымен соттың оқу орталығында дөңгелек үстел өтті.
Бас қосуға Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бөлім басшысы С.Ниеталиев, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Д.Серғазиев, аталмыш сот төрағасынің міндетін атқарушысы Ш.К.Қожантаев және судьялары С.Құрманбай, Г.Искакова, К.Еспенбетовалар қатысты.
Дөңгелек үстелде өзекті мәселелерді шешумен қатар, бірқалыпты тәжірибе қалыптастыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құжаттарының заңда көзделген мерзімде рәсімделуі мен жолдануы барысында заң талаптарын сақтау туралы сөз болды.
Судья Г.Искакова, С.Құрманбай, К.Еспенбетовалар баяндама жасады.
Сондай-ақ, әкімшілік сот төрағасының міндетін атқарушысы Ш.Қожантаев қатысушыларға 2014 жылдың ІІ жартыжылдығында келіп түскен әкімшілік істер туралы мағлұмат беріп өтті.
Мұнан соң тақырып төңірегінде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, кейбір мәселелер жөніндегі ұсыныс-пікірлерін айтты. Ал жиын соңында дөңгелек үстелді жүргізуші қатысушыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі