ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ЗАҢГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында тарих, құқық және экономика факультеті мен «Қазақстан Заңгерлерінің Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен ҚР кәсіпкерлік кодексі, ҚР азаматтық іс жүргізу кодексі және «Арбитраждық сот туралы» Қазақстан Республикасының заң жобаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Жиында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М. Сәрсенов, Қызылорда қалалық сотының судьясы Ж.Дербисалиева, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры М.Ж. Әлиева, Қызылорда облысының Әділет департаментінің Халыққа құқықты түсіндіру және заң қызметін көрсету бөлімінің басшысы Х.М.Әлиев, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ж.А.Исаева және аға оқытушы, заңтану магистрі Б.М.Жусуповалар баяндама жасап, заң жобаларының ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар заң жобаларын қызу талқылай отырып жобаларды жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын берді.