«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» ҚҰРЫЛЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Қазақстан Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Астана қаласында «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз етудегі «Қоғамдық келісім» құрылымдары» атты семинар болып өтті. Бұл туралы «Қоғамдық келісім орталығы» КММ баспасөз қызметі хабарлады.
Семинардың жұмысына аймақтардағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен бас есепшілері шақырылды. Семинар барысында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің директоры Н.Калашникова жаңадан ашылған құрылымның міндеттері мен алдағы мақсаттары туралы айтып өтсе, жауапты қызметкерлері мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастыру, ғылыми-сараптамалық, талдамалық жұмыстарын жүргізу, жобаларды бюджеттеу мен мемлекеттік сатып алу туралы мастар-класстар өткізді.
Сонымен қатар, семинарда өңірлердегі «Қоғамдық келісім» КММ-нің атқарған жұмыстары, нәтижелері мен жетістіктері талқыланды. «Қызылорда облысы әкімі аппаратының қоғамдық келісім орталығы» КММ-нің заң талаптарына сәйкес құрылғандығы, талдамалық, қаржылық-бюджеттеу жұмыстары оң тұрғыдан бағаланып, үлгі ретінде ұсынылды.
Семинар-тренингтің жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА төрағасының орынбасары, Хатшылығының меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Нестерова қатысты.
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда аймақтағы құрылымдардың жұмысын жүргізу мақсатында 588 штат бірліктерімен жасақталып, 1,5 млрд теңгемен қаржылай қамтамасыз етілді.