ҚАЗАҚСТАНДА ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫ I ЖӘНЕ II ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҮЙЛЕРІНЕ ЖЕТКІЗІЛІП БЕРІЛЕДІ
Қазақстанда 2015 жылы I және II топтағы мүгедектер үшін протездік-ортопедиялық бұйымдардан басқа оңалту құралдарының барлық түрлерін үйлеріне жеткізіп беру ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілген өтінімдер негізінде жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектер үшін оңалту құралдарын үйлеріне жеткізіп беру жоспарланып отыр. Құралдарды облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бөледі. Ал оларды жеткізуді аудан (қала) әкімі анықтаған аудандық жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етуі керек. Құралдың жеткізілгенін тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойған қабылдап алу/беру актісі растайды.
Оңалту құралдарын үйлеріне жеткізу алыс елді мекендерде тұратын мүгедектер үшін жолға кететін шығынды азайтып, оңалту құралдарын пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.