1 НАУРЫЗ - АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС» КҮНІ
1972 жылы 1 наурыз күні Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының жарлығы күшіне енді, оны 18 мемлекет қолдады. Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының шешімімен 1992 жылы 1 наурыз күні Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні болып жарияланды.
Осы күнде бұл мейрам азаматтық қорғаныс сұрақтарына қоғамның назарын аударуға бағытталған. Сонымен қатар халық арасында қорғаныс тәсілдері мен құралдарын кең мағынада насихаттау басты назарда.
1 наурыз «Азаматтық қорғаныс» күнін атап өту және ҚР ІІМ ТЖК «Көкшетау техникалық институтына» түсуге жастарды үгіттеу мақсатында, ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары Қызылорда қаласының «Жас Өркен» колледжінің «Төтенше жағдайлардағы қорғаныс» мамандығы бойынша оқушыларымен сабақ өткізді.
Жасақ құтқарушылары өздерінің жұмыстары және 2013 жылы жасақ басшысы «Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы» медалімен марапатталғаны жайлы айтып өтті. Сонымен қатар қатысушыларға түрлі сипаттағы төтенше жағдайларда, суға түсу кезінде және т.б. жағдайларда негізгі ережелерді қатаң сақтау керектігі туралы әңгімеледі.
Сабақ барысында төтенше жағдайлардың шығу себептері түсіндірілді, әр түрлі төтенше жағдайлар және жасақ құтқарушыларының жүргізген құтқару операциялары туралы бейнероликтер көрсетілді. Оған қоса ҚР ІІМ ТЖК «Көкшетау техникалық институты» туралы насихат матералдарымен таныстырып, оқу орнына түсу ережелері түсіндірілді.
«ОӨАЖҚЖ» ММ