ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЖАСАЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗДЕРІН НАШАР СЕЗІНУ СЕБЕПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылшаға қарсы екпе жасалған балалардың өздерін нашар сезінуі вакцинаға ағзаларының жеке сезімталдығымен байланысты, делінген ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің ресми сайтында. Дәрігерлердің көмегіне жүгінген балалардың барлығына толық көлемде көмек көрсетілді. Қазір жағдайлары тұрақты.
2014 жылы Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай асқынып, 2013 жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 4,4 есеге артты. Жүргізілген сараптама нәтижесінде негізінен бұл ауру жасөспірімдер арасында басым екені анықталды. Осыған байланысты 15-19 жастағы жасөспірімдерге қосымша иммундау шарасын жүргізуге шешім қабылданды.
Қосымша иммундау шарасы ағымдағы жылғы ақпанда басталды. Ол үшін барлық стандарттарға сай келетін және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаты бар вакцина сатып алынды. 19 ақпандағы жағдай бойынша жоспарланған 900 мың баланың 48%-на екпе жасалды.
Жалпы иммундау кезеңі барысында Қарағанды облысының Теміртау қаласында және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дене қызуының көтерілуі, бас ауыру, бастың айналуы, жүрек айну, аяқ-қолдың ұйып қалуы сияқты шағымдармен балалардың дәрігерлерге хабарласу жағдайлары тіркелді.
Мұндай балалардың жалпы саны 100-ге жуық, яғни бүгінгі дейін екпе жасалған балалардың жалпы санының 0,03%-на тең. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, вакцина салу барысында болатын мұндай реакциялар 20% жағдайда болуы мүмкін.
Балаларды қараған республикалық медициналық ұйымдардың мамандары шағымдардың көпшілігі балалар ағзасының екпе жасауға жеке сезімталдығымен байланысты деген қорытындыға келді.
Балаларға медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, қажет болған жағдайда бақылауда ұстау үшін стационарға жатқызылады.
Жағдайды зерттеу үшін Қарағанды және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау басқарламалары жанынан жұмыс комиссиялары құрылып, оның құрамына ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті, сондай-ақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығының мамандары кірді.
Сонымен қатар, аталған қалаларда қолданылған қызылшаға қарсы вакцина сараптама жасау үшін ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығына жіберілді.
Айта кету керек, бүгінгі таңда екпе жасау инфекциялық аурулар, оның ішінде қызылшаның алдын алуда жалғыз амал боп табылады. Вакциналау жасанды иммунинетті қалыптастыруға әсер етеді. Адамда қандай да бір ауруға қарсы иммунитет болмаса, ол қатерлі асқынуларға және өлім-жітімге әкеп соғады. Мысалы, қызылшамен ауырған кезде болатын асқынулар пневмония (өкпе қабынуы), энцефалит (ми ауруы) және менингоэнцефалит сияқты дерттерге ұласуы мүмкін. Әсіресе, қызылшаның ауыр түрлері үлкен жастағы кісілерде жиі байқалады.
Қызылша ауруы ауа-тамшы жолымен жұғады. Инкубациялық мерзімі орташа алғанда 21 күнді құрайды.