Қазалыда мектеп өртеніп, сабақ тоқтатылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы мектептен өрт шықты.
Оқиға бүгін Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі №204 мектепте болды. Қазалы ауданы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, аудандық өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің көмегімен жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
«Қазіргі таңда оқиға орнына аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандары келіп, жағдайды қатаң бақылауға алды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аудан тұрғындарының алаңдауына себеп жоқ екендігін хабарлаймыз. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат таратамыз. Мектепте оқушылардың оқу процесі тоқтамайды. Ертең сабақ қайта жалғасады», - деді Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепованың хабарлауынша, өрттің шығу себептерін арнайы құрылған комиссия анықтау үстінде.