Қызылорда базарларында сатылып жатқан ет өнімдері жаппай тексеріліп жатыр
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада 11-13 қараша аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен мал сою бекеттері тексерілуде. Барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылады.
Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.
Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді.