Қызылордада «Ауыл» партиясы облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтеді

Күн тәртібі бойынша филиал төрағасы Серікбай Өмірзақов аймақтық филиалдың 2016-2019 жылдардағы жұмысы туралы есеп береді. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар «Ауыл» ХДП филиалының Бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есеп тыңдайды.
Конференция барысында «Ауыл» ХДП облыстық саяси кеңесінің жаңа құрамы, саяси кеңес президиумы және облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланады.
Конференция барысында 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Ауыл» халықтық-хемократиялық партиясының XVI-шы съезінің делегаттары сайланады.
Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 25 Б.