Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 12 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Басшылық сіздің қызметіңізді жоғарлатады. Сондықтан өз орныңызға жаңа қызметкер дайындауыңыз қажет болады. Бұл шаруа қиынға соғу мүмкін.
Торпақ
Ауыр зат көтермеңіз. Себебі денсаулығыңызға зиян келтіруіңіз мүмкін. Әсіресе арқаңызға күш түсіп, омыртқаңызды зақымдап алу қаупі бар.
Егіздер
Бүгін сөзге шешен боласыз. Бұл өзіңізді де таңқалдыруы мүмкін. Ойыңызды дұрыс жеткізе білуіңіз мәселені шешуге көп көмегін тигізеді.
Шаян
Дәл қазір әлденені өзгертуге ерте. Маңызды мәселелерді де кейінге қалдырғандарыңыз жөн. Оның орнына үйдегі құжаттардың түзейтіндерін ретке келтіріңіз.
Арыстан
Айналаңыздағы адамдар сіздің іс-әрекетіңізді ерсі көруі мүмкін. Сондықтан өзіңізді ортада қалай ұстау керектігін ұмытпаңыз. Түстен кейін романтикалық кездесуге барасыз.
Бикеш
Көңіліңізге күдік ұялатқан іске жоламаңыз. Бірақ әр істен күдіктенудің қажет жоқ. Ооның орнына істің жөнін білетін адамнан жолын сұраған дұрыс.
Таразы
Бүгін тез шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Эмоцияға берілудің қажеті жоқ. Себебі ашу кезінде айтылған сөз кейін өзіңізге зиян тигізуі мүмкін.
Сарышаян
Керемет күн. Барлық туындаған мәселені оңай шеше аласыз. Сонымен қатар жыл соңына дейін жоспар құрмаңыз. Сондай-ақ бүгін жақын адамыңыздан сый алып, жақсы жаңалық естейсіз.
Мерген
Бүгінгі күн жолға шығуға қолайлы. Барлық уақытыңызды отбасыңызға, балаларыңызға арнаңыз. Яғни, отбасыңызбен бірге жолға шығыңыз. Оларды қыдыртып, көңіл көтеріңіздер.
Тауешкі
Барлық шаруаны дер кезінде орындап үлгеретін боласыз. Жұмыстағы тапсырмаларды да, үй ішіндегі тіршілікті де өз уақытында бітіресіз.
Суқұйғыш
Жаңашылдыққа ұмтылудың қажеті жоқ. Мұндай өзгерістерді келер жылдың еншісіне қалдырғаныңыз жөн. Биыл бастаған шаруаларыңызды тиянақты етіп бітіргеніңіз жөн.
Балықтар
Маңызды сауалдарға жауап табамын деп әуре болмаңыз. Өйткені жауап тапқаныңызбен оны іске пайдалануға еш мүмкіндігіңіз жоқ. Оның орнына үй шаруасымен айналысқаныңыз жөн.