Төтенше жағдайлар департаменті жастарға тегін оқу мен тұрақты жұмыс ұсынады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтына оқуға шақырады. Оқуға түскен талапкерлер курсант атанып, республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.
Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрде) береді.
Құжаттар үміткерлерден қаңтар мамыр айлары аралығында қабылданады
(үміткерлердің қызметке жарамдылығынанықтау үшін əскери-дəрігерлік комиссияларда медициналық жəне психофизиологиялық куəландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді);
11 маусым – үміткерлер Институтқа оқуға тіркелу жəне кешенді тестілеуге құжаттар тапсыру үшін келеді (жалпы орта білім беру ұйымдарын, техникалық жəне кəсіптік (бастапқы жəне орта кəсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарын өткен жылғы бітіргендер үшін).
16 шілде – Институтқа оқуға ҰБТ сертификаттарымен үміткерлердің келуі;
17-24 шілде - əскери-дəрігерлік комиссиядан өту ;
24-26 шілде – дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсыру;
27 шілде – күндізгі оқу факультетіне қабылдау.
Оқуға түсуге ниет білдірушілер мына мекенжайға хабарласуларына болады:
Қызылорда қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 69.
Байланыс телефондары:
8 (7242) 70-03-26; 55-10-75.