«Зекет» қайырымдылық қоры қармақшылық отбасыға пәтер кілтін табыстады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» республикалық жобасы аясында 145-ші пәтер кілті Қармақшылық отбасыға бұйырды.
Мүбарак Мәуліт айының құрметіне орай, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Қармақшы аудандық "Қармақшы ата" мешітінің ұйымдастыруымен өткен рухани кеште «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы жауапты өкілі О.Жидебаев аудан халқының алдында Қаракөзиевтер отбасына пәтер кілтін табыстады.
Айта кетейік, бұған дейін аталған жоба аясында аудан бойынша 3 пәтер табыс етілген.