Республикалық акция Қазалыда жалғасын тапты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Республика аумағында қолға алынып, "Nur Otan" партиясының қолдауымен Алматы төріндегі "Медеу" мұз айдынында бастау алған, "Менің Туым-Менің Отаным" атты патриоттық акция Қазалы ауданында жалғасын тапты.
Әйтеке би кентінде «Nur Otan» партиясының өкілдері мен жастар мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
Мемлекеттік әнұранмен бастау алған шараны «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашты.
Патриоттық шара барысында Қорқыт ата атындағы аудандық балалар музыка мектебі мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары көңілді кеш сыйлады.