Әзілкеш Шарапов сотта Ләйлә Сұлтанқызын жеңіп шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов арасындағы бірнеше айға созылған соттың бүгін нүктесі қойылды. Судья істі Шәріповтің пайдасына шешті. Бұл туралы әзілкеш өзінің «Instagram» парақшасында жазды.
«Сот ақтап шықты. Жұма мүбәрак! Берекелi күн, мен үшiн. Баршаңызға Аллаһ разы болсын. Қазақ қыздарының ары үшiн соттан бiр-ақ шығам деп кiм ойлаған? 3 айға созылған сот өз мәресiне жеттi. Сот менi: ешқандай жеке басқа өткен жоқ, ешкiмнiң абыройына нұқсан келтiрген жоқ. Ол тек өз ойын айтты деп ақтады. Заңды түрде әдiл шешiм шығарған Есiл аудандық №2 сотының судьясы Тобағалиұлына алғысымды бiлдiремiн. Әдiлдiк бар екенiне сенiңiздер! Менi уайымдағандарыңыз үшiн бәрiңiздi жақсы көремiн!» - дейді әзілкеш.