Жаттығу жасамай-ақ қалай арықтауға болады?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Диетолог мамандар белгілі бір жағдайларға сәйкес дене жаттығуларын орындай алмайтын адамдарға қалай арықтауға болатындығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Диетологтар артық салмақтан арылу үшін, күнделікті тағам рационыңызды ақуыздарға бай еттің барлық түрлерін, оның ішінде балық пен құс етін арттыруға кеңес беріледі. Ет өнімдерін тофу, үрмебұршақ және бұршақ, жаңғақтар, чиа мен асқабақ дәндерімен алмастыруға болады.
Сонымен қатар, мамандар тұрақты ас қабылдау тәртібін сақтаған жөн деп айтты.
Егер, артық салмақтан арылуды ойлап жүрсеңіз тәтті тағамдардан, қанты көп сусындардан және энергетиктардан бас тарту қажет.
Бұған қоса, күйзеліске көп ұшырамауға тырысыңыз. Себебі, күйзеліс адамның тәбетін ашатын көрінеді.
Зерттеушілер қалыпты әрі дұрыс ұйқы да өз алдына арықтауға деген пайдасын тигізетінін ескертті.