Ерте қартаюдан сақтайтын 10 азық-түлікті білесіз бе?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Мәселен, қызанақ теріні жақсы күйде сақтауға көмектеседі. Оның құрамындағы ликопин антиоксиданты, сондай-ақ А мен С дәрумендері бет терісін жаңартады.
Қызанақты күнделікті жеп тұру терінің ультрафиолеттен қорғануын 33 пайызға арттырады, және де қартаю процесін баяулатады.
Сонымен қатар, көк шайдың теріге ғана емес, қан тамырларына да оң әсерін тигізетіні анықталды. Ал қабыну процесін жоюда брокколидің пайдасы мол екені белгілі болды.
Бұдан бөлек, құрамында антиоксиданттар, кальций, калий және А, Е, В6, В12 дәрумендері бар жаңғақтарды тамақтану рационына қосқан абзал. Олар ағзадағы су теңгерімін сақтауға көмектеседі.
Терінің қалпына келу процесін жылдамдатып және әжімдердің пайда болуын баяулату үшін мамандар авакадо мен арқан балықты жеуге кеңес береді.
Ал терінің шымырлығын сақтау үшін зәйтүн майы, жапырақты салаттар, қаражидек пен қара шоколадтың пайдасы мол көрінеді.