Байқоңырда әкімшілік құқық бұзған кәмелетке толмағандар жазаланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторларымен оқушылардың демалыс кезеңінде олармен қылмыстың жасалуына жол бермеу және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау мақсатында облыс көлемінде ағымдағы жылдың 31 қазан мен 02 қараша күндері аралығында «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара өткізу барысында «Жастар ресурстық орталығы», Байқоңыр қалалық бөлімі және Қармақшы аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінде орналасқан ойын-сауық орталықтары, дүкендер және мейрамханалары тексерілді.
Сонымен қатар заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз, тұрғын үй жайлардан тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында бірлескен рейдтік іс-шара жүргізіліп, барлығы 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.