Қызылордада жоғалған балықшының денесі табылды

Арал аудандық жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі басшысы Шерхан Есжанов жоғалып кеткен екі балықшының бірінің денесі табылғаны туралы мәлім етті. Балықшының денесі №8 балық учаскесі аумағынан табылған. Қайықтағылар №16 учаскеде балық аулаған.
«Марқұм Арал қаласында тұрады. Теңізден іздестіріліп жатқан екінші балықшы Қызылорда қаласының тұрғыны. Ол да аталған шаруа қожалығында еңбек еткен», - деді Шерхан Есжанов.
Айта кетейік, 2 қарашада Арал теңізіне балық аулауға шыққан екі балықшы жоғалып кеткенін хабарлаған едік.