Microsoft аптасына төрт күн жұмыс істеуді сынақтан өткізді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Microsoft корпорациясының Жапониядағы кеңсесінде қызметкерлердің аптасына төрт күн жұмыс істеуі нәтижесінде еңбек өнімділігі артып, шығындар айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы жазда Microsoft корпорациясының Жапониядағы кеңсесі аптасына төрт күндік жұмыс күнін енгізу үшін эксперимент өткізді. Нәтижесінде еңбек өнімділігі шамамен 40%-ға өсті. Бұл туралы Microsoft Japan кеңсесінің есебінде айтылды.
Жапондық кеңседе жұмыс істейтін 2300 қызметкер тамыз айында «қысқа мерзімде жұмыс істеп, жақсы демалу және білім алу» тәжірибесінен өтті.
Нәтижесінде тамыздағы жұмыс күндерінің саны 2018 жылғы тамызбен салыстырғанда 25%-ға қысқарды, еңбек өнімділігі өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 39,9%-ға өсті. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну 23%-ға азайған.
Есеп бойынша жапондық кеңсе қызметкерлерінің 92%-ына осы жұмыс режиміне ұнаған. 97%-ы өмірлерінде өзгеріс пайда болғанын айтқан.
Осы қыста Microsoft-тың жапондық кеңсесіндегі тәжірибе қайталанбақ.